АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Партиялық тізім бойынша мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттарды жеті саяси бірлестік тапсырып үлгерді, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы.
Кандидаттарды ұсынған партиялар:
1.
"Қазақстан Халық партиясы" қоғамдық бірлестігі;2.
"Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі;3.
"Жалпыұлттық социал-демократиялық партия" республикалық қоғамдық бірлестігі;4.
"Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы" қоғамдық бірлестігі;5.
"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы" қоғамдық бірлестігі;6.
"AMANAT" партиясы" қоғамдық бірлестігі;7.
"Respublica" партиясы" қоғамдық бірлестігі.Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, мәжілістің кезектен тыс сайлауы 19 наурызда өтеді. Сол күні жергілікті мәслихаттардың депутаттары да сайланады.