Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Сергей Шойгу Украина армиясының қаңтардағы шығынын атады

Sputnik
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Қаңтар айында Украина әскері 6,5 мыңнан астам әскери қызметкерінен айырылды, деп хабарлады Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу.
"Ресей әскерінің топтары Киевке жеткізілген барлық қару-жарақ пен техниканы жеткізу жолдарында да, ұрыс позицияларында да қиратуын жалғастырып жатыр", - деді Шойгу осы мәселе бойынша өткен селекторлық кеңесте.
Ол "Батыс елдерінің әскери көмегіне қарамастан" украин армиясы айтарлықтай шығынға ұшырап жатқанын атап өтті, деп хабарлайды РИА Новости.
"Биылғы жылдың бірінші айында шығын көлемі 6500-ден астам әскери қызметкерді, 26 ұшақты, жеті тікұшақты, 208 ұшқышсыз ұшу аппаратын, 341 танк және басқа да броньдалған техниканы, жаппай оқ атуға арналған 40 реактивті жүйені құрады", - деді министр.
Бұл ретте АҚШ пен оның НАТО-дағы серіктестері жанжалды мүмкіндігінше ұзартуға тырысып, сондықтан Украинаны ауыр қару-жарақпен қамтамасыз етіп жатыр.
"Шын мәнінде мұндай қадамдар НАТО елдерін қақтығысқа жұмылдырып, бұл болжанбайтын шиеленіс деңгейіне әкелуі мүмкін", - деді Ресей қорғаныс министрі.