Қоғам

Қазақстандық құтқарушылар Түркияға аттанды

Sputnik
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға аттанды. Жасақ Алматы қаласынан ұшып шықты.
Алдын ала мәлімет бойынша борт Газиантеп қаласына барады.
Қазақстандық құтқарушылар Түркияға аттанды
Жасақ құрамында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары, кинологиялық есептер және Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері бар.
Қазақстандық құтқарушылар Түркияға аттанды
ТЖМ құтқарушыларының иелігінде құтқарушы құрал-жабдықтары: гидравликалық және пневматикалық жабдықтар, гидравликалық домкраттар, пневмодомкраттар, перфораторлар, жарықтандыру құралдары, палаткалар, спутниктік терминал, каркасты модуль, автотехника бар.
Қазақстандық құтқарушылар Түркияға аттанды
Топ қажетті жабдықтармен де, құтқару жұмыстарын жүргізуде көп жылдық тәжірибесі бар құтқарушылармен де жабдықталған.
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырған еді.
Еске салсақ, дүйсенбі күні таңертең Түркияның оңтүстік-шығысында 7,7 балдық жер сілкінісі болды. Соңғы мәлімет бойынша, зілзала салдарынан 2 921 адам қаза тауып, 16 мыңға жуық адам жарақат алған.
Сондай-ақ Сирияның бірнеше аймағында зардап шеккендер бар. Жер сілкінісі Ливан астанасы Бейрутта да сезілген. Сирияда қазіргі уақытта құрбандар саны 700-ден асады, 1,5 мыңға жуық адам зардап шекті.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елде жеті күндік аза тұту күнін жариялады.