Алматыда екі автобус соқтығысты: кінәлі жүргізушінің ісі сотқа жолданды

Sputnik
АЛМАТЫ, 7 ақпан – Sputnik. Алматыда екі автобустың жол апатына ұшырауына себеп болған жүргізушінің ісі сотқа жіберілді, деп хабарлады қала прокуратурасы.
Оқиғаға кінәлі 98 нөмірлі автобустың жүргізушісіне қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді.
"Алматы қалалық прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын зерделеу нәтижесі бойынша жүргізушінің ісі "Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу" бабымен сотқа жолданды", - деп мәлімдеді ведомство.
Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға былтыр 8 қарашада болды. Алматының Абылай хан даңғылы мен Төлеби көшесінің қиылысында 98 және 201 нөмірлі маршруттық автобустар соқтығысты. 201-ші бағыттағы автобус екінші қоғамдық көлікті бүйірінен соққан. Сосын инерциямен жолдың жиегінде тұрған адамдарды басып өткен. Салдарынан 15 адам жарақаттанып, бір адам қайтыс болды.
Оқиға
Алматыда екі автобус соқтығысты - бірнеше адам жарақат алды