Қоғам

Жеңілдетілген автокредит: 761 қазақстандық 18 секундта тіркеліп үлгерген

Sputnik
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Жеңілдетілген автокредит бағдарламасы бойынша autonesie.kz платформасында 761 қазақстандық 18 секунд ішінде тіркелді.
Өнеркәсіпті дамыту қорының ақпаратынша, платформа іске қосылған алғашқы минутта autonesie.kz сайтына 125 мың адам кірген.
"761 қазақстандық сағат 10.00-де платформа ашылғаннан бастап алғашқы 18 секундта өтінімдерін тіркеді. Алғашқы минутта сайтқа кіргендер саны 125 мың адамды құрады", - делінген хабарламада.
Autonesie.kz сайты жүктемеге шыдас беріп, пулдың қалыптасуын қамтамасыз етті. Лимит аяқталғаннан кейін өтінім қабылдлау автоматты түрде тоқтады, "өтінім беру" функциясы істен шықты.
Өтінім беру кезінде кейбір азаматтар автоөндірушіні таңдай алмаған. Бұл да лимиттің таусылуымен байланысты, деп түсіндірді қордағылар.
Жеңілдетілген автокредит бойынша өтінім қабылдау наурыз айында қайта басталады. Одан кейін қазақстандықтар әр ай сайын тіркеле алады.
Бұған дейін азаматтар әлеуметтік желіде autonesie.kz платформасында тіркеле алмағанын айтып шағымданған еді. Бүгін, 6 ақпан Астана уақытымен тура сағат 10.00-ден бастап өтінім қабылдауға тиіс болған сайт бес минут өтпей істен шыққан.
Қоғам
Жеңілдетілген автокредит бойынша өтінім қабылдайтын сайт ашылмай жатып істен шықты