Фото

Дипика Падукон, Эмма Уотсон, Сон Хе Гё және 2023 жылдың ең сұлу актрисалары – фото

Әйгілі америкалық Great Top Ten порталы "2023 жылғы әлемдегі ең әдемі актрисалар" рейтингін жариялады. Бұл тізімге қандай актрисалар енгені туралы толығырақ суреттер топтамасынан көріңіздер!
Sputnik
Great Top Ten әзірлеген үздік ондыққа әлемнің түкпір-түкпіріндегі сұлу әрі дарынды актрисалар енді. Олар бір-біріне ұқсамайды, әрқайсысы өз бетінше ерекше. Әрқайсысы өте дарынды. Бұл тізімде көпшілік үйреніп қалған Голливудтың атақты актрисалары ғана емес, корей, тай, түрік, үнді киносының жұлдыздары да бар.
Ханде Эрчел, Дилраба Дилмурат, Кристен Стюарт, Урассая Спербунд, Кэтрин Лэнгфорд.
Тағы қай актрисаның сұлулығы мен таланты ескеріліп, үздіктер тізіміне енгені туралы суреттер топтамасынан көріңіздер!
1 / 10

"Мәңгілік махаббат" телехикаясында ойнаған ұйғыр текті Қытай актрисасы Дилраба Ділмұрат осы рейтингте көш бастап тұр.

2 / 10

Екінші орында – актриса Эмма Уотсон ("Шар" фильміндегі көрініс).

3 / 10

Үшінші орында актриса Кристен Стюарт тұр. ("Су астында" фильміндегі көрініс).

4 / 10

"Бойыренд" сериалындағы басты рөлді сомдаған оңтүстіккореялық актриса Сон Хе Гё тізімде төртінші орында тұр.

5 / 10

"Ғажайып әйел" актриса Галь Гадот – бесінші орында.

6 / 10

Алтыншы орынға "Жүрегімнің есігін қақ" атты сериалға түскен түрік актрисасы Ханде Эрчел жайғасты.

7 / 10

Жетінші орында тай актрисасы Урассая Спербунд тұр. Оның сырт келбеті өте өзгеше және есте қалып қоярлықтай сымбатты ("Нага 2" фильміндегі көрініс).

8 / 10

Үндістанның ең қымбат төлемақы алатын актрисасы, модель әрі продюсер Дипика Падукон сегізінші орында тұр.

9 / 10

Тоғызыншы орында – "Неге деген сұрақтың 13 жауабы" атты фильмге түскен актриса Кэтрин Лэнгфорд.

10 / 10

Үздік ондықты Александра Даддарио түйіндеп тұр. ("Сен құпия сақтай аласың ба?" фильміндегі көрініс).