АСТАНА, 6 ақпан - Sputnik. Витаминдердің дұрыс дозаланбауы немесе оларды дәрігермен кеңеспей қолдану адам денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Бұл туралы Оңтүстік Африка Witwatersrand университетінің фармацевтика және фармакология кафедрасының мамандары Нилавени Падаячи мен Варша Бангали айтты.
"Дәрумендер тиісті мөлшерде және дәрігердің нұсқауына сәйкес қабылданса пайдалы", - деп жазады "Ридус" басылымы.
Мысалы, фолий қышқылы ұрықтың жүйке түтігі проблемалары бар жүкті әйелдерге пайдалы болуы мүмкін. Ал қызыл ет жеуді шектеген адамға В6 дәрумені пайдалы болуы мүмкін.
Сондай-ақ фармакологтар кез келген витамин мен минералдың жанама әсеріне назар аударуға кеңес берді.
Мысалы, А витаминін шамадан тыс қабылдау бауырды зақымдайды. Ал С витаминінің жоғары дозалары бүйректе тастың пайда болуына әкеп соғады.