Дәрігерлер 12 жасар қыздың омыртқасына бірегей ота жасады

Sputnik
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. "Ақсай" республикалық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері 12 жасар қыздың қисайған омыртқасына эндокорректор орнатылды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Төрт сағаттық операцияны балалардағы сколиозды түзету шебері, "Ақсай" университеттік клиникасының ортопедия бөлімінің меңгерушісі Исамдун Харамов жасады.
Хирургтың айтуынша, бұл операцияның бірегейлігі – бұл өте дәлдікті қажет етеді, өйткені миллиметрге сәл қателесу жұлынға зақым келтіруі мүмкін. Әр бұранда қалыңдығы, мөлшері, ұзындығы бойынша омыртқаға жеке-жеке орнатылады.
Дәрігерлердің болжауынша, эндокорректорды орнату қисық омыртқаны түзетуге мүмкіндік береді.
Операция сәтті өтті, бір аптадан кейін қыз тәуір болды. Қазір ол реанимациядан палатаға ауыстырылды. Алматыда омыртқаға осындай операциялар тек университеттік балалар клиникалық ауруханасында жүргізіледі. Қыздың ата-анасы үшін маңызды нәрсе МӘМС есебінен бәрін тегін жасады.
Денсаулық
Отандық ғалым әзірлеген бірегей гидрогель көмегімен 15 ота жасалды