Әйгілі Хоуп бриллианты немесе "Үміт гауһары" деп те аталатын бағалы таспен көмкерілген алқа – ол багет бедерлеме әдісімен әзірленген 340 гауһар тастан тұратын платинада жиектемемен қоршалып тұр. Бұл керемет асыл тасты орнатуға арналған жиектеме сегіз айдан астам уақыт дайындалды.
Koh-i-noor немесе "Жарық тауы" гауһар тасы – бұл Ұлыбритания патшайымы марқұм ІІ Елизаветаға арнап дайындалған тәждің алдыңғы бетіндегі Мальта крестіне орналастырылған бриллиант.
Модель сырға түріндегі "Көгілдір Аполлон" және "Алқызыл Артемида" гауһар тастарын таныстырып тұр. Бриллианттардың алдын ала бағасы – Apollo Blue үшін $38-50 млн және Artemis Pink үшін $12,5-18.
Сағат индустриясындағы жылсайынғы BaselWorld 2014 көрмесінде таныстырылған Hallucination ("Галлюцинация") сағаты.
Ұлыбританиялық зергер Graff әлемдегі ең қымбат сағатты көрермен назарына ұсынды. Бұл сағат құны 55 миллион доллардан асатын 110 каратты сирек кездесетін түрлі-түсті бриллиантпен безендірілген.
"Апельсин" – салмағы 14,82 карат болатын алмұрт пішінді қанық қызғылт сары түсті бриллиант. Бұл әлемдегі қызғылт сары түсті гауһар тастардың ішіндегі ең көлемдісі. Ол шамамен 15 миллион еуро тұрады.
Бұл – "Көк Оппенгеймер", салмағы 14,62 карат болатын қанық көк түсті сирек кездесетін фантазиялық бриллиант. Бұл бағалы тас Женевада өткен аукционда 38-45 миллион доллар алдын ала бағасымен сатылымға шығарылды.
Құны 55 миллион доллар болатын әлемдегі ең көп таза бриллиантпен көмкерілген 637 каратты "Алтын алып" алқа. Бұл сәндік бұйым Гиннестің рекордтар кітабы бойынша әлемдегі "Ең бағалы алқа" деген атауға ие болды.
Құны 4 миллион доллардан асатын "Қос сәттілік" алқасы аукциондағы жадеиттен дайындалған ең бағалы бұйым саналады.
Аралас бедерлеме әдісі арқылы дайындалған сопақ алқызыл гауһар тастың салмағы 59,60 каратты құрайды және оған "Алқызыл жұлдыз" деген атау берілген. Бағасы 48,5 миллион фунт стерлинг (60 миллион еуро) тұратын бриллиант ішкі жағы мөлдір ең ірі фантазиялық қанық алқызыл түсті ірі бриллиант саналады.
Cartier брендінің оникс және бриллианттармен көмкерілген қабылан түріндегі білезігі бір кездері Уоллис Симпсонға тиесілі болған. Бұл білезік Лондондағы Sotheby's аукционында сатылымға шығарылды.