Түркістанда полицейлер трамадол сатқан дәріхана сатушысын ұстады

Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шардара қаласындағы дәріханалардың бірінде трамадол препаратын заңсыз сату дерегін анықтады
Sputnik
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Түркістанда полицейлер 300-ден астам трамадол препаратын сатқан дәріхана сатушысын ұстады, деп хабарлады polisia.kz.
"Тексеру кезінде оның 30 мың теңгеге әсері күшті трамадол препаратының 340 таблеткасын рецептісіз сатқаны анықталды", - деді Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов.
Бұл фактіге қатысты жинақталған материалдар Түркістан облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне жіберілді.
Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 426-бабы 1-бөлігі "Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу" бойынша іс қозғалған.