АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Атырау тұрғыны әлеуметтік желідегі парақшасында әйел адамды балағаттап, оның ар-намысын ел алдында қорлаған жазба жариялады. Сондай-ақ ол жазба кейіпкері туралы жалған ақпарат таратқан.
Жала жабылған әйел сотқа шағым түсіріп, жазба авторына Қылмыстық кодекстің 131-бабы "Телекоммуникация желілерін пайдалана отырып жасалған қорлау" бойынша айып тағылды.
Істі Қызылқоға аудандық соты қарады. Бірақ сот отырысы басталмай жатып-ақ тараптар медиация тәртібімен татуласу туралы келісімге қол жеткізгені туралы хабарлама келді.
Жәбірленуші сотталушыны кешіріп, шағымынан бас тартты, деп жазады "Мой город" порталы.
Қылмыстық іс жабылды.