Астанада ғылым туралы жаңа ауқымды жоба іске қосылады

Sputnik
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Астанадағы Русский дом жаңа ауқымды "ProНауку" жобасын іске қосады. Бұл жоба бірқатар білім беру шараларын, атап айтқанда, шеберлік сыныптарын, біліктілікті арттыру курстарын, сарапшылармен кездесулерді қамтиды. Сондай-ақ Ресейдің жетекші ғылыми орталықтарының презентациялары да кіреді.
"Жоба медицина ғылымдарының докторы, Ф.И.Иноземцев атындағы медициналық білім академиясының профессоры Ольга Пусотинамен кездесуден басталады. 8 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00-де "Астана" медицина университетінде ол дәрігерлердің біліктілігін арттыру бағдарламасымен таныстырып, "Экспертология" ғылыми білім беру жобасы туралы айтады және жаңа оқу құралының тұсаукесерін өткізеді", - деп мәлімдеді Русский дом өкілдері.
Кездесу "Астана" медицина университетінің көмегімен ұйымдастырылып отыр.
Бұған дейін Қазақстан мен Ресей достығына арналған бірегей арт-нысанының тұсауы кесілді.