Синоптиктер 5 ақпандағы ауа райына болжам жасады

Sputnik
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Елдің басым аумағында ауа райы жауын-шашынды болады, оңтүстікте кей уақытта жаңбыр мен қар көп жауып, жел күшейеді, деп хабарлады Қазгидромет.

"Республиканың басым бөлігі циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелердің ықпалында болып, ауа райы құбылады. Сондықтан елдің басым аумағында жауын-шашын күтіледі, оңтүстікте кей уақытта жаңбыр мен қар көп жауып, жел күшейеді, көктайғақ, тұман болады деп болжанып отыр", - деп жазылған хабарламада.

Түркістан облысының таулы аймақтарында, күндіз Алматы облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.