АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі ұстаздар күнін 5 қазанда атап өтуді ұсынды. Сәйкес қаулы Ашық нормативтік-құқықтық актілер сайтында жарияланған.
"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы 689 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: Мұғалім күні – 5 қазан", - деп жазылған сайтта.
Қоғамдық талқылау 2023 жылдың 16 ақпанына дейін жалғасады. Қаулының авторы ретінде Оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті көрсетілген.
Еске салсақ, қазіргі уақытта Қазақстанда Ұстаздар күні қазан айының бірінші жексенбісінде тойланады.