АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев Волгоград облысындағы Сталинград шайқасының 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысты.
Дипломаттар Мамаев Қорғандағы Мәңгілік алауға, Кеңес Одағының маршалы Василий Чуйковтың бейітіне, Белгісіз солдат мазарына, Шағын бауырластар қабірі және "Сталинградты қорғау кезінде ерлікпен шайқасып қаза тапқан қазақстандықтарға" стелласына гүл шоқтарын қойды.
Айта кетері, Сталинград қаласы үшін шайқасқа 100 мыңға жуық қазақстандық қатысты. Олардың көбісі майдан даласында ерлікпен қаза тапты.
Жергілікті іздеу шаралары кезінде 300 қазақстандық жауынгердің сүйегін табылып, олардың жеке бастары анықталды.