Петропавл-Алматы бағытындағы пойыздан өрт шықты

Sputnik
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Петропавлдан Алматыға бара жатқан жолаушылар пойызынан өрт шықты, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.
"2023 жылғы 3 ақпан сағат 21:57-де Қарағанды облысының "Аршалы – Анар" теміржол учаскесінде құрамның соңындағы техникалық вагоннан өрт шықты. Салдарынан №105/106 "Петропавл – Алматы" пойызының қозғалысы тоқтатылды. Пойызда 235 жолаушы болған", – делінген хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, өрт сөндірілді және құрбан болғандар немесе зардап шеккендер жоқ.
"Жолаушыларды Алматыға жеткізу үшін Астанадан жеті купелі және бір плацкарт вагоннан тұратын пойыз жіберілді", - дейді ведомстводағылар.
ҚТЖ жанынан құрылған арнайы комиссиясы оқиғаның жай-жапсарын анықтауға кірісті.
"Жолаушыларға жүк және теміржолмен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларына сәйкес, белгіленген тәртіппен жол жүру құнының айырмасы төленеді", - дейді ұлттық компанияның баспасөз қызметі.