АЛМАТЫ, 3 ақпан – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Сауран ауданының төрт елді мекенінде су басу салдарын жою барысымен танысып, жергілікті тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды министрлік.
Ильин әкімдікке келтірілген залалды бағалау үшін комиссия құруды тапсырды. Комиссия су басқан аумақтарды аралап, шығынды есептейді.
Жедел штабтың мәліметінше, Ордабасы ауданындағы елді мекендегі су сорылған.
Қазіргі уақытта инертті материалдары бар 14500 дана қап салынған. Арыс өзенінде 3 гидрологиялық бақылау бекеті қойылған
Жақын арада министр Арыс және Кентау қалаларында, Бәйдібек және Созақ аудандарында болады.