АЛМАТЫ, 3 ақпан - Sputnik. Бірнеше мың компания ТМД елдерінің инновациялық ынтымақтастығының мемлекетаралық бағдарламасы аясында шетелдік әріптестерімен байланыс орнатты. Олардың 100-ден астамы бірлесіп жұмыс бастады.
Бұл туралы Sputnik Қазақстанға "Сколково" қорының өңірлік даму және ТМД-мен өзара іс-қимыл жөніндегі вице-президентінің орынбасары Александр Окунев айтты. Қор ТМД елдерінің инновациялық ынтымақтастығының мемлекетаралық бағдарламасының операторы болып табылады. Бағдарлама 2030 жылға дейін жоспарланған.
"Бұл бағдарламада цифрландырылған барлық салаларды қамтитын цифрлық шешімдерге қатысты үлкен блок бар. Бүгінгі таңда ТМД мен ЕАЭО-ға қатысушы әртүрлі мемлекеттер компанияларының ортақ күш-жігерімен цифрлық платформалар әзірленіп жатыр. Мысалы, цифрлық технологиялар трансферті платформалары, шағын және орта бизнес кәсіпорындары арасындағы жұмысты жеңілдететін платформалар. Мұны Ресей-Қазақстан Supl.biz компаниясы деп айтуға болады. Жақында құрылса да белсенді жұмыс атқарады", - деп атап өтті Александр Окунев Digital Almaty форумында Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Оның айтуынша, күн сайын бұл сайтта құны 100 миллион рубльден асатын тауарлар ұсынылатынын айтты. Олардың төрттен бір бөлігі немесе одан азы Қазақстан мен Ресей арасындағы шағын және орта бизнес тауарлары.
Бағдарламаның нәтижелерін қазірдің өзінде көруге болады. Бірнеше мың компания бір-бірімен байланыс орнатып, 100-ден астам компания бірігіп жұмыс істей бастады.
"Бизнесті интеграциялаудың негізгі себептерінің бірі, менің ойымша, қазақстандық, ресейлік және ТМД-ның басқа елдерінен келген компаниялар өздерінің бірге жасап жатқан өнімдерінің ештеңеден кем түспейтінін және шетелдік аналогтардан асып түсетінін көрсететін сәт. Біз бұған сенімдіміз. Компаниялар да бұған сенімді. Ең бастысы, бұл синергия, әртүрлі елдің ғалымдары мен әзірлеушілерінің бірлескен жұмысы бір-бірін толықтырылады", - деп атап өтті Сколково өкілі.
Айтуынша, бұл қаражат жағынан да пайдалы. Бірлесіп жұмыс істейтін компаниялар жеке жұмыс істейтін компаниялармен салыстырғанда пайдаға көбірек кенеліп жатыр.
Сколково - Ресейдегі технологиялық кәсіпкерлікті қолдау және ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру үшін құрылған қор.