Смайылов ЕАЭО-да радиожиілік спектрін үйлестіруді ұсынды

Министрлер кабинетінің басшысы бұл тұрғындар үшін байланыс қызметінің сапасы мен қолжетімділігін арттыратынын түсіндірді
Sputnik
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов байланыстың қамтылуы мен сапасын арттыру үшін Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріндегі радиожиілік спектрін үйлестіруді ұсынды.
"Байланыстың қолжетімділігі мен сапасын арттыру ерекше маңызға ие. Бүгінгі таңда Қазақстанда 250-ден астам тұрғыны бар елді мекендер кең жолақты интернетпен қамтылған. Қалған ауылдарда радиорелейлік желілер мен төмен орбиталық спутниктік жүйелерді қолданамыз. Байланыс қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін біздің елдерімізге радиожиілік спектрін үйлестіру қажет деп санаймын", - деді Әлихан Смайылов ЕАЭО елдері үкімет басшыларының қатысуымен өткен Digital Almaty пленарлық отырысында.
Сондай-ақ Смайылов цифрлық инфрақұрылымды дамытуға инвестиция тарту бойынша Қазақстанның ЕАЭО-дағы әріптестерімен жұмыс істеуге дайын екенін айтты.
"Бұл аймақтағы барлық мемлекет үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Нәтижесінде біздің елдеріміз халықаралық дәліздер және трансшекаралық ағындармен деректерді жолдаудың жоғары жылдамдықты арналарын құра алады", - деді премьер-министр.
Сонымен қатар Смайылов Алматыда жалпы еуразиялық ауқымдағы ІТ-жобаларды құруға ықпал ете алатын цифрлық құзырет орталығын құруды ұсынды.
Үкімет басшысы Орталық Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ірі цифрлық бастамаларды қалыптастыру және жүзеге асыру, сондай-ақ тәжірибе алмасу алаңына айналуы мүмкін екенін айтты.
Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) отырысы және Digital Almaty-2023 "Жаңа шынайылықтағы цифрлық серіктестік" жылсайынғы халықаралық цифрландыру форумы өтіп жатыр.
Саясат
Қазақстан мен Ресейдің экономикалық кооперациясы қарқынды дамып келеді – Смайылов