Спорт

Қарағанды облысындағы түрмеде рекорд орнатылуы мүмкін – видео

Sputnik
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Қарағанды облысындағы түрмеде жазасын өтеп жүрген жігіт зілтемірді жатып көтеруден рекорд орнатуға бел буды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
№35 түзеу мекемесінде спартакиада өтті. Соның аясында жазасын өтеп жүрген жас спортшы штанганы жатып көтеруден Қазақстан рекордын жаңартуға өтініш білдірген.
Оның көрсеткішін тіркеу үшін Абай аудандық мәдениет және спорт бөлімінің өкілдері де шақырылған. Олар алдымен спортшының салмағын тіркеді. Салмағы - 80 келі. Одан кейін сотталушы жаттығуды орындауға кіріскен.
Алдымен 150 келілік зілтемірді жатып көтерген, содан соң 170 келі, 194 келі мен 200 келіні бағындырды. Мамандар мұны видеоға түсіріп алды.
Қазіргі кезде барлық мәлімет федерацияға жолданды. Ол жерде рекордтың жаңартылғанын растауы керек.
Қазақстандық жүзгіш Түркияда рекорд орнатып, алтын жеңіп алды