Конституциялық сотқа қай өңірден жиі шағымданады

Sputnik
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Конституциялық сотқа бір айдың ішінде 800-ден астам өтініш түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, өтініш берушілердің басым бөлігі әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істер бойынша шығарылған сот актілерімен келіспейді. Олардың саны барлық шағымның 36 процентін құрайды.
Екінші орында – зейнетақы саласына қатысты өтініштер (17%).
Сондай-ақ, құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін тексеруді сұрайтындар аз емес.
"Бұдан бөлек, азаматтардан еңбек және тұрғын үй заңнамасы, әлеуметтік қамсыздандыру, ақпаратқа қол жеткізу және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы нақты жағдайларға байланысты өтініштер түсті", - делінген ресми хабарламада.
Бүгінде Астана мен Алматы қалаларынан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары тұрғындарынан ең көп өтініш түскен.
Саясат
Конституциялық сот тұңғыш президент туралы заңның күшін жойды