АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Жалпы энергетикалық нарықтарды қалыптастыру еуразиялық интеграцияны дамытудың негізгі элементі саналады. Бұл туралы Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындысын жария еткен Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин мәлімдеді.
"Ортақ энергетикалық нарықтарды қалыптастыру бойынша ұстанымдарға келер болсақ, біз мұны еуразиялық интеграцияны дамытудың негізгі элементі деп санаймыз. Қазір жаһандық тұрақсыздық аясында көптеген ел энергия ресурстарының тапшылығын бастан өткеріп жатыр. Біз ұйымға мүше мемлекеттердің ішкі қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай, тату елдерге мүдделер теңдігі негізінде көмектесе аламыз", - деді Михаил Мишустин.
Ол электр энергиясын жеткізу қызметіне қолжетімділік ережелері бекітілгенін айтты.
"Бұл құжат біздің одақ ішінде электр энергиясын саудалау кезінде ортақ нарыққа қатысушылардың мемлекетаралық электр қуатын тасымалдауға кемсітілмейтін ұлттық рұқсатнама алуға мүмкіндік береді", - деді РФ премьер-министрі Михаил Мишустин.
Сондай-ақ ұйымға мүше мемлекеттердің экономикасын цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жалғасып жатыр. Заманауи технологиялар бизнес үшін қосымша мүмкіндіктерге жол ашады, сыртқы экономикалық ортада қажетсіз бюрократияны болдырмауға жол ашады.
"Біз бұл мәселе бойынша халықаралық цифрлық форумда белсенді пікір алмастық. Үкіметаралық кеңес отырысы барысында одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі бойынша осындай жұмысты жандандыру туралы келісімге келдік", - деді Михаил Мишустин.
Ресей премьер-министрі "еуразиялық бестіктегі әріптестер арасындағы қарым-қатынас өте тату жағдайда өткенін" атап өтті. Ол одаққа мүше әрбір мемлекет еуразиялық интеграцияны дамыту міндетіне жауапкершілікпен қарайтынын, бұл өзара құрмет пен бір-біріне деген ілгерілеу негізінде ғана құрылатынын айтты.