Ақмола облысында 100 млн теңге жымқырған полицейлер сотталды

Sputnik
АЛМАТЫ, 3 ақпан – Sputnik. Ақмола облысының Целиноград аудандық соты жанар-жағар май талонын жымқырған екі полицейге үкім шығарды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Ақмола облысы полиция департаменті патрульдік полиция ротасының командирі полиция подполковнигі Талғат Ерденов пен патрульдік полиция ротасының аға инженері полиция капитаны Мақсат Жаманбаев 100 миллионнан астам теңге ұрлағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазасын орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде өтейді.
"Тергеу барысында Ерденов пен Жаманбаев өзара сөз байласып, құны 100 миллион теңгеден асатын жанар-жағар май талонын жымқырғаны дәлелденді. Сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды", - деп мәлімдеді ведомство.
Есірткі қылмысы бойынша екі полицей ұсталды