Алматыда премьер-министрлер не туралы уағдаласты

Sputnik
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген отырысы аяқталды.
Еуразиялық экономикалық комиссияның хабарлауынша, отырыс қорытындысы шығарылды:
ЕАЭО-да тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар мақұлданды;
электр энергиясын мемлекетаралық беру қызметтеріне қолжетімділік қағидасы бекітілді;
өнеркәсіп саласындағы мемлекетаралық бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу, қаржыландыру және іске асыру мәселелері бойынша ережеге өзгерістер енгізілді;
"Еуразиялық агроэкспресс" бірлескен жобасына "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізі бойынша тасымал енгізілді;
интеграцияланған ақпараттық жүйені және ЕАЭО цифрлық күн тәртібін дамыту мәселесі қарастырылды;
индикативті баланстар дайындалатын тауарлар тізбесіне өзгерістер енгізілді.
Еуразиялық экономикалық комиссия мен ТМД Атқару комитеті ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі меморандумды жүзеге асыру бойынша 2023-2025 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды.
Айта кетері, үкіметаралық кеңестің келесі отырысы 7-9 маусымда Сочиде өтеді.