Су тасқыны адамдар отырған көлікті шайып кетті – желіде видеосы тарады

Sputnik
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Түркістан облысында су тасқыны автокөлікті шайып кетті. Салонда болған адамдар көліктің төбесіне шығып алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде тараған видеода ВАЗ маркалы көлік судың ортасында тұр. Төбесінде бірнеше адам отыр. Бір кезде ағынды сумен үлкен мұз көлікке соғылады. Сол кезде су тасқыны ВАЗ-ды алып кетеді. Көліктің төбесінде отырған бір адам суға құлап кеткен.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, адамдар аман. Олардың қауіпсіз жерге алып шыққан.
"Көліктегі адамдар эвакуацияланды. Көлік судан шығарылған жоқ. Адамдар Мыңбұлақ елдімекеніне жеткізілді", – дейді мамандар.