АЛМАТЫ, 2 ақпан – Sputnik. Түркістан облысында нөсерлі жауын салдарын жою жұмыстары әлі жалғасып жатыр, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Жауын-шашын мен еріген қар суынан 3 аудандағы таулы жерлер: Бәйдібек (Шаян, Таңатар, Ынтымақ, Ақбұлақ, Шақпақ, Бірлік), Сауран (Бабайқорған, Абай, Үлгілі, Орангай, Майдантал, Шаға), Ордабасы (Шұбарсу, Бадам, Шұбар) аудандары зардап шегіп жатыр.
Бұл туралы Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Запаров мәлім етті.
Үйлерді судан аман алып қалу үшін 2500 қапшық төселді. Майдантал ауылында суды ағызу үшін жасанды каналдар қазылып, аула учаскелерін су басу қаупінің алдын алды.
"Зардап шеккендер жоқ. Жауын-шашын облыс аумағында тоқтады. Алайда су ағыны әлі келіп жатыр", - деп мәлімдеді Бақытжан Запаров.
Барлығы 308 адам, 51 бірлік техника, 25 мотопомпа, 1 жүзу құралы жұмылдырылды.