Өңірлер

Талдықорғанда жылу құбыры жарылып, 67 көпқабатты үй жылусыз қалды

Sputnik
АЛМАТЫ, 2 ақпан – Sputnik. Талдықорғанда Желтоқсан және Медеу көшелерінің қиылысында жылу құбыры жарылды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Құбыр 2 ақпан таңғы сағат 06:00-де жарылған. Жылу трассасының 700 мм диаметрі зақымдалған. Әкімдіктің айтуынша кешкі уақытқа дейін жылу беріледі.
"Желтоқсан мен Медеу көшелерінің қиылысында диаметрі 700 мм жылу құбыры жарылды. Қазір 28 адам жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Құбырдан бүгін таңғы сағат 6:00 шамасында ақау шыққан. Қазір 67 көпқабатты үй жылусыз қалды. Біздің жоспарымыз бойынша төрт сағаттың ішінде ақау жөнделіп, жылу үйлерге кешке дейін беріледі", - деді Талдықорған қаласы әкімі баспасөз қызметінің өкілі Мәди Шакенов.
Ол тұрғындардан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.
Өңірлер
Петропавлда тағы құбыр жарылды – бірнеше нысанды су басты