Спорт

Қыздар құрамасы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды

Sputnik
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Қазақстан қыздар құрамасы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында барлық қарсыласын жеңіп, екінші дивизионның В тобында чемпион атанды, деп хабарлайды мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Хоккейші қыздарымыз финалға дейін төрт кездесу өткізді. Барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.
Атап айтқанда, Болгария (8:1), Жаңа Зеландия (7:1), Бельгия (5:3), Эстония (8:0), ал финалда Исландия құрамасын 7-0 есебімен жеңді.
Осылайша, қазақстандық хоккейшілер бес матчтың бесеуінде жеңіске жетіп, турнир қорытындысы бойынша 15 ұпаймен екінші дивизионның А тобына шықты.
Айта кетері, чемпионат Болгарияның София қаласында өтті. Оған 18 жасқа дейінгі хоккейші қыздар қатысты.
Спорт
Қазақстандық жеңіл атлет Чехиядағы ірі турнирде алтын медаль жеңіп алды