АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Белгілі қазақстандық мұнайшы Жақып Марабаев Грузия үкіметінің кеңесшісі болды, деп хабарлады елдің экономика және тұрақты даму министрлігінің сайты.
Марабаев мұнай-газ және энергетика саласындағы бірқатар мемлекеттік стратегиялық бағдарламаны әзірлеуге қатысады.
Жақып Марабаев көптеген жыл бойы "ҚазақстанКаспийшельф", "ҚазТрансОйл", "Қазақойл", "ҚазМұнайГаз" барлау өндіру", "Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В" сияқты мұнай-газ компаниялары басшылығының құрамында қызмет етті.
Оның соңғы лауазымы "ҚазМұнайГаз"ҰК" АҚ басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары болды.