Некені тіркеуге банк қосымшасы арқылы өтініш беруге болады – министрлік

Sputnik
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Қазақстанда Halyk Homebank және Kaspi.kz мобильдік қосымшалары арқылы некені тіркеуге өтініш беруге болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әділет министрлігіне сілтеме жасап.
Банк қосымшалары арқылы қызметті алу үшін "Мемқызметтер" бөлімінде өтінішті толтырады. Одан кейін 1 АЕК (3 450 теңге) көлемінде мемлекеттік баж төленеді. Өтініш жіберген адамның болашақ жары 48 сағат ішінде өтінімді растауы қажет.
15 күннен кейін АХАТ органдары жас жұбайлардың қатысуымен некені тіркейді. Бұрын бұл рәсімге бір ай уақыт кеткен.
Қоғам
Некені бұзғаны үшін салық көтерілуі мүмкін – Тоқаев судьяның сөзін қолдады