Денсаулық

Министрлік коронавирусқа қатысты ақпарат бөлісті

Sputnik
АСТАНА, 2 ақпан - Sputnik. Елде соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 62 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Бір күн бұрын елімізде мұндай 69 жағдай анықталған.
2 ақпандағы жағдай бойынша 1 565 адам коронавирустан емделуді жалғастырып жатыр, оның ішінде 121 науқас стационарда, 1444 науқас амбулаторлық емделуде.
Алты науқастың жағдайы ауыр, 1 науқастың жағдайы өте ауыр, 1 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
2020 жылдың 13 наурызынан бері Қазақстанда барлығы 1 405 979 адам коронавирус жұқтырды.
Денсаулық
Дәрігер балаларда коронавирустың ауыр түрінің алдын алу жолдарын айтты