Марқұм болған сенатордың өкілеттігі тоқтатылды

Sputnik
АСТАНА, 2 ақпан — Sputnik. Сенаторлар марқұм болған депутат Гүлмира Кәрімованың өкілеттігін тоқтатты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, Конституцияға сәйкес сенат депутаты қайтыс болған жағдайда жоғарғы палата оның өкілеттігін тоқтату туралы қаулыны қабылдауға тиіс. Бүгінгі отырыста қаулы қабылданды.
Еске салсақ, Гүлмира Кәрімова биыл 14 қаңтарда өткен сайлауда Солтүстік Қазақстан облысынан сенатқа депутат болып сайланды. Бұған дейін ол оқу-ағарту министрлігінде мектепке дейінгі және орта білім комитетін басқарды.
26 қаңтарда жаңадан сайланған депутаттар алғашқы жиын өткізіп, ант берген. Сол күні түнде Кәрімова кенеттен қайтыс болды. Бас кезінде марқұм анафилаксиялық шоктан көз жұмды деген ақпарат тарады. Артынан денсаулық басқармасы нақты себебін жариялады. Ол - миокард инфарктісі.
Сенатор Гүлмира Кәрімованың қазасына анафилаксиялық шок себеп болмаған