АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. 2024 жылдың аяғына дейін LRT іске қосылады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.
Әкімнің айтуынша, былтыр үкіметтен қаржы аударылды. Биыл құрылыс жұмыстары басталады.
"Осы жылы нысанның құрылысы белсенді жүреді. Қазіргі кезде моблизация бойынша жұмыстар басталды. Сосын техника, LRT-мен жүретін пойыздар бойынша аванстық төлемдер жасалып жатыр. 2023-2024 жылдары жоба іске асырылады. Ал келесі жылдың аяғына дейін іске қосылуы қажет", – деді Қасымбек.