ШҚО-да полицейлер 5 ай бойы іздеген әйелдің мәйіті табылды

Sputnik
АЛМАТЫ, 1 ақпан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында былтыр жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Былтыр 16 тамызда жергілікті тұрғын Үлбі полиция бөлімінің кезекші бөліміне өзінің 47 жастағы әпкесі жоғалып кеткенін хабарлаған. Жоғалған әйел Ұлан ауданының тұрғыны, үш баланың анасы. Полиция бес ай бойы іздеумен айналысқан.
"3 қаңтарда полиция бөліміне жеке үйдің ауласында әйел адамның сөмкесі табылғаны туралы хабар түсті. Сөмкенің ішінде жоғалған әйелдің жеке куәлігі болған. Полиция қызметкерлері келіп, аумақты қазған кезде әйелдің мәйітін тапқан. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері болған. Жедел-іздестіру кезінде Ұлан ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні ұстады", - деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Күдікті кінәсін мойындаған.
Қазіргі күні "адам өлтіру" фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Павлодарда көшенің бойынан мәйіт табылды