АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Өткен тәулікте республикада 69 адам коронавирус жұқтырды. Тағы үш адам ковидтік пневмонияға шалдықты, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
1 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 551 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 121 пациент стационарда, 1 430 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Індетке шалдыққандар арасында:
6 адамның жағдайы ауыр,
1 пациенттің жағдайы өте ауыр,
1 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.