Қоғам

Антикор бизнесмендерді қорғайтын жобаны іске қосып жатыр

Sputnik
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Антикор кәсіпкерлерді қорғау бойынша "Бизнеске жол" жобасын іске қосып жатыр.
"Жобаның мақсаты – кәсіпкерлерге әртүрлі әкімшілік кедергілерді, құжаттарды ресімдеу кезінде әуре-сарсаңдарды еңсеруге көмектесу, мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімдері мен ашықтығын сақтауды қамтамасыз ету", - делінген хабарламада.
Жоба аясында Антикор жерді ресімдеу, сәулет және басқа да бақылаушы органдардан рұқсат алу, коммуникацияларды қосу, сондай-ақ мемлекеттік қолдау (кредиттер, гранттар, субсидиялар) алу кезінде кездесетін нақты проблемаларды шешумен айналысады.
Өңірлерде бизнес өтініштерін қабылдау үшін арнайы алаңдар мен байланыс арналары жұмыс істеуде. Аумақтық департаменттердің басшылары әлеуметтік желідегі парақшасында хабарламаларды қабылдайды.
Сондай-ақ Антикордың Call-орталығына 1424 қысқа нөмірі бойынша хабарласуға болады.