Алматыда ер адам әйелін атып өлтіріп, артынан суицид жасады

Sputnik
АЛМАТЫ, 1 ақпан – Sputnik. Алматы қаласы Наурызбай ауданында ер адам әйеліне оқ атып, артынан өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 1 ақпанға қараған түні болған.
48 жастағы ер адам әйелін тапаншамен өлтіріп, сосын өз-өзіне қол жұмсаған. Алдын ала болжам бойынша қайғылы оқиғаға отбасындағы жанжал себеп болған.
Сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.