АЛМАТЫ, 1 ақпан – Sputnik. "Алматы су" кәсіпорнында "ақылды су құбырын" құру бойынша ауқымды жұмыс басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингі барысында "Алматы су" МКК бас директоры Ілияс Қазиев хабарлады.
Бұл тек Алматы қаласын ғана емес, мегаполиске іргелес елді мекендерді де сумен және кәріз жүйесімен қамтамасыз етеді.
"Жазғы жөндеу науқанында кәсіпорынның жеке қаражаты есебінен жалпы көлемі 103 550 м3 39 таза су резервуары жуылып, тазаланды, 1,5 мың құдық, 1,9 мың вентиль, 1050 өрт сөндіру гидранттары ауыстырылып, жөнделді, 300 км су құбыры және 450 шақырым кәріз желісі тазартылды, 25 шақырымға жуық ең апатты желілер ауыстырылды", - деп атап өтті Іляс Қазиев.
2022 жылға арналған инвестициялық бағдарлама сумен жабдықтау бойынша 2,8 млрд теңге, су тарту бойынша 947 млн теңге болды. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жаңа қызметтер енгізіліп, "ақылды су құбыры" - Цифрлы су құбырын құру бойынша ауқымды жұмыстар басталды.
Алматыда су құбырларының 54,2%, ал кәріз құбырларының 56,6% тозған. 1943 км су құбырын ауыстырып, 1000 шақырымнан астам кәріз құбырын қайта жөндеу керек. Әсіресе Загородный және Бурундай ірі кәріз коллекторларының тозығы жеткен.
"Жыл сайын кемінде 104 шақырым су құбыры желілерін және 73 км су бұру желілерін реконструкциялау қажет, ал қолданыстағы инвестициялық бағдарлама жылына небәрі 20-25 шақырым құбырды қайта жаңартуға мүмкіндік береді", - дейді "Алматы су" МКК бас директоры Ілияс Қазиев.
Биыл сумен жабдықтау және су бұру саласында жаңа тариф саясатын құру жоспарланып отыр.
"Инвестициялардың орнына тарифтер" қағидаты бойынша тарифтерді енгізу инженерлік желілерді ұстауға және ауыстыруға көбірек қаражат жинақтауға және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Көрсетілген қызметтер үшін ақы алудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында есепке алу жүйесін автоматтандыру, "Алматы – Март Сити" тұжырымдамасы аясында негізгі коммуналдық кәсіпорындардың барлық есепке алу құрылғысына датчиктер орнату қарастырылады", - деді Ілияс Қазиев.
Сондай-ақ профилактикалық жөндеу, қашықтықтан диагностикалау және энергия тиімділігін арттыру үшін заттар интернеті әдістемесі енгізіледі.
Орталықтандырылған су құбырына қолы жетпейтін тұрғындарды сумен қамтамасыз ету мақсатында алдағы жылдары Қарғалы, Ақсай, Ерменсай және Барлық өзендерінің су тарту құрылыстары іске қосылып, қосылған он елді мекенде 280 шақырым су құбыры желісі салынады. Бұл 232 мың тұрғынды сумен қамтуға және қаланы орталықтандырылған сумен қамтуға 100 пайыз қол жеткізуге мүмкіндік береді.