COVID-19 жұқтырғандар саны екі есеге артты

Sputnik
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 46 адамнан анықталды. Бір күн бұрын 22 науқас тіркелген болатын.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 31 желтоқсандағы мәлімет бойынша 1 598 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 117 пациент стационарда, 1 481 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Науқастардың арасында:
8 адамның жағдайы ауыр,
1 пациенттің жағдайы өте ауыр,
1 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
2020 жылдың наурыз айынан бері елде барлығы 1 405 848 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.
Денсаулық
Қазақстанда "кракен" штамы бар ма – вице-министр жауабы