Президент Астанадағы су мәселесі туралы: үлкен қауіп туындауы мүмкін

Sputnik
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы сумен қамту мәселесінің маңыздылығына тоқталды.
"Сумен қамтудың резервтік көздеріне қатысты мәселе өзекті болып тұр. Су аз болатын кезде үлкен қауіп туындауы мүмкін. Қала сусыз қалады", - деді Тоқаев елорданы дамыту жөніндегі кеңесте.
Осы орайда мемлекет басшысы экология министрлігіне әкімдіктің барлық ұсынысын пысықтауды тапсырды. Соның ішінде Астана су қоймасын толтыру мәселесі де бар.
Сондай-ақ, 3 су сорғы-сүзгілеу станциясы мен екінші канализациялық тазарту нысанын тездетіп салу керек.
Елорда тынысы
LRT-ның құрылысын тоқтатсақ, шығын одан да көп болады – Тоқаев