Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды

Sputnik
АЛМАТЫ, 31 қаңтар – Sputnik. Алматы облысының полицейлері тағы бір есірткі зертханасын жойды, деп хабарлады Polisia.kz.
Полицейлер Mitsubichi автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында көлік салонынан 25 канистр химиялық сұйықтық табылды.
"Тергеу іс-шарасы барысында Алматы облысы полиция қызметкерлері тыйым салынған заттарды дайындаған 29 жастағы күдіктіні әшкерелеп, Междуреченск ауылына жақын маңдағы шаруа қожалығының аумағында орналасқан есірткі зертханасын анықтады. Ұсталған адамның зертханасынан шамамен 1500 литр прекурсор тәркіленді", – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Аленов.
Прекурсор – есірткі заттарын дайындағанда қосатын химиялық қоспалар.
Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу бойынша тергеу басталды. Сараптамалық тексеріс тағайындалып, күдікті қамауға алынды.