Майяның Эдь-Мирадор атты көне қаласы 1926 жылы табылды. Джунгли үстімен ұшқан кезде ұшқыштар орманның тап ортасында орналасқан ерекше төбелерді байқаған. Кейін анықталғандай, бұл майя мәдениетінің бұрынғы қалаларының пирамидалары екен.
Эль-Мирадор қаласының қазба жұмыстары 1960-1970 жылдары басталды. Бұл аймаққа жету қиын болғандықтан, ол ұзақ уақыт зерттелмей қалды.
Эль-Мирадор – бұл Мексика мен Гватемала шекарасындағы жабайы джунглиде орналасқан ежелгі Майя өркениетінің ірі қонысы. Дәл осы Эль-Мирадорда басқа пирамида-қалалардан шығатын ежелгі майя жолдары түйіседі. Ғалымдардың айтуынша, Эль-Мирадор өңірдегі басты қала болған. Осы орындардың қазіргі бейнесін суреттер топтамасынан көріңіздер!