Өңірлер

Солтүстікте - аяз, оңтүстікте - бұрқасын: синоптиктер ауа райы болжамын бөлісті

Sputnik
АЛМАТЫ, 30 қаңтар – Sputnik. Республиканың солтүстігі әлі де жоғары атмосфералық қысым аумағының ықпалында болады, деп хабарлайды Қазгидромет синоптиктері.
Осыған байланысты аязды, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Ал оңтүстікте 2 ақпанда қатты жауын-шашын болжанып отыр. Ауа температурасы 5-12 градусқа дейін жылынады.

Ірі қалалардағы ауа райы

Астанада күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз -11-13, түнде 25-27 градус суық болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Күндіз +2 + 4, түнде 4-6 градус нөлден төмен.
Шымкентте көшпелі бұлт шығып, кей жерлерде жауын-шашын жауады. Қар аралас жаңбыр болады. Түнде тұман басады, ауа температурасы күндіз +7+9, түнде -1+1 градус.