АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы Сәрсенбек Монтаев "Әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2%" (World"s Top 2% Scientists) рейтингіне енді.
"Әлемдегі ең үздік ғалымдардың тізімін Стэнфорд университетінің сарапшылары Elsevier ғылыми баспасының соңғы мәліметі бойынша жасады. Рейтинг негізіне бүкіл библиометриялық мәліметтер: ғалымдардың мансабындағы барлық және өткен жылдағы дәйексөздері алынады", - деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Сәрсенбек Монтаев соңғы жылдары БҚАТУ-да жұмыс істеп жатыр, қазір университеттің Индустриялды-технологиялық институтын басқарады. Құрылыс материалдарын өндіруде жаңа технологияларды әзірлеуші, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер топырағының құрылымдық-механикалық қасиеттерін жақсарту жөніндегі жобаның басшысы болып жүр.
Профессор "Болашақ" бағдарламасы аясында Жапонияда "Нанотехнология" мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.