Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 22 адамнан анықталды

Sputnik
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 22 адамнан анықталды. Бір күн бұрын 27 науқас тіркелген болатын.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 30 желтоқсандағы мәлімет бойынша 1 637 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 111 пациент стационарда, 1 526 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Науқастардың арасында:
6 адамның жағдайы ауыр,
1 пациенттің жағдайы өте ауыр,
1 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
2020 жылдың наурыз айынан бері елде барлығы 1 405 802 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.
Денсаулық
Қазақстанда "кракен" штамы бар ма – вице-министр жауабы