АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Ақтау қаласында банк бөлімшесінде адамдарды пышақпен қорқытқан ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде 16 қаңтарда болған оқиғаның видеосы тарады. Ер адам қалтасынан пышақ алып шығып, банк клиенттерін қорқытқан. Ал бөлімшеге кірген жігітті пышағымен тоқтатып жатқанда екі ер адам оны жерге құлатқан. Артынан банктің күзет қызметкері де жетіп келді. Ұсталған ер адамның мас екені анық көрініп тұр.
Полиция 43 жастағы ер адамның қамауға алынғанын және банкке кіргенде мас болғанын растады. Қазіргі кезде қарақшылық шабуыл бойынша қылмыстық іс қозғалды.