АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Алматыда "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортында орналасқан "Облака" мейрамханасынан өрт шықты.
ТЖМ ақпаратынша, өрт бүгін таңғы 05.30-да басталған. Теңіз деңгейінен 3200 м биіктіктегі үш қабатты "Облака" рестобары өртенген.
Өртеніп жатқан мейрамхана
© Photo : Пресс-служба МЧС
Арнайы техникаға арналған кіреберіс жолдары болмағандықтан, ТЖД қызметкерлері өртті ішкі өртке қарсы крандар арқылы сөндірді.
Сонымен қатар, тілсіз жауды ауыздықтау үшін қар генераторы пайдаланылды.
Өртеніп жатқан мейрамхана
© Photo : Пресс-служба МЧС
Өрт үш сағаттан кейін, сағат 8.30-да толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Жалын шамамен 800 шаршы метр аумақты шарпыған.