Өскеменде тұрғын үй құрылысында өрескел заң бұзушылықтар анықталды

Sputnik
АЛМАТЫ, 29 қаңтар - Sputnik. Өскемендегі тұрғын үй құрылысында өрескел заң бұзушылықтар орын алып жатыр.
Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов құрылыс басқармасының басшыларымен және құрылыс салушылармен өткен кеңес барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews.kz.
48 үйдің 23-і құрылысқа үлестік қатысу туралы ҚР заңын өрескел бұза отырып салынып жатқаны белгілі болған. Компаниялар тиісті сараптамасыз адамдардың қаражатын заңсыз тартатыны туралы деректер бар. Олар брондау келісімшарттарын жасайды, ал кейінірек бұл фирмалардың клиенттері тіпті сотқа жүгіне алмайды, өйткені олар толық серіктестер емес.
Айта кетейік, құрылыс компания Крылов көшесінде бес қабатты үй салуға рұқсат алған, алайда тоғыз қабатты үй салған, сонымен қатар пәтерлерді сатып жіберген. Сондай-ақ көптеген нысандарда тапсыру мерзімі бұзылған
"Мен брондау шарттарын жасайтын барлық құрылыс компанияларын тексеруді тапсырдым, бұл процеске қадағалау органдары қосылуы керек", - деді өңір басшысы.