АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Өткен тәулікте республика бойынша 27 адам коронавирус жұқтырды. Қайтыс болғандар жоқ.
Осылайша індетке шалдыққандар саны екі есе азайып отыр. Бір күн бұрын елімізде 59 адамнан коронавирус табылған еді.
29 қаңтардағы мәлімет бойынша, 1 669 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 111 пациент стационарда, 1 558 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Вирус жұқтырғандар арасында:
6 адамның жағдайы ауыр,
1 пациенттің жағдайы өте ауыр,
1 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.