АСТАНА, 29 қаңтар - Sputnik. Астанада 2023 жылы 30 жоба іске қосылады, оған 118 миллиард теңге тартылған, деп мәлімдеді Астана әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желілердегі парақшасында.
Оның айтуынша, жоба аясында 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.
"Бұл өнеркәсіп, медицина, агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы кәсіпорындар, білім беру саласындағы 5 нысан (мектептер, балабақшалар), логистика саласындағы 4 жоба, спорт кешендері", - деп атап өтті Қасымбек.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевпен бірге елорда әкімі Жеңіс Қасымбек №1 индустриялық паркке барып, бірқатар кәсіпорындардың жұмысымен танысқан.
Олардың қатарында modex модульдік үй құрылысы зауыты, мамандандырылған техниканы құрастыру зауыты, витраждар, терезелер, бал жабдықтары, жиһаз, респираторлар шығаратын зауыт бар.
Әкім кәсіпорын өкілдерімен өндірістік нысандарды дамыту мәселелері мен перспективаларын талқылады.